Маңғыстауда мыңнан аса "Сергек" бейнекамерасы іске қосылды

434

Маңғыстауда бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданына "Сергек" зияткерлік бейнебақылау жүйесі іске қосылды.

Маңғыстауда мыңнан аса "Сергек" бейнекамерасы іске қосылды Фото: тумба.кз

"Сергек" жүйесін орнату бірінші кезекте жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. 

Қоғамдық орындар мен жолдарда барлығы 1138 камера орнатылған. Оның 638-і Ақтауда, 500 данасы Мұнайлы ауданында. Іске қосылған 1138 бейнебақылаудың 736 данасы 148 нүктедегі жол қауіпсіздік камерасы, ал 402 данасы 152 нүктедегі қоғамдық қауіпсіздік камералары болып саналады. 

Маңғыстау облысы ПД ӘПБ бастығының орынбасары Сүйін Кұрмантаев "Сергек" камераларының жұмыс істеу принциптерін атап өтті. 

"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы көдексінің 592, 596, 599, 601 баптарына сәйкес, белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырған жағдайда, бағдаршамның тыйым салу сигналы яғни қызыл белгісінен өткен уақытта, тоқтау сызығын асып өту кезінде және қос сызықты тыйым салынған жолақты басып өтсе, әкімшлік құқық бұзушыларды тіркеп, әкімшілік іс-жүргізу бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына жолдайтын болады. Сондай-ақ, Сергек камерасы 150-200 метр қашықтыққа дейін түсіреді" , - дейді Сүйін Кұрмантаев.

Құқықбұзушылық жасаған жағдайда айыппұл көлік иесіне смс арқылы 15 минуттың ішінде, ал хат арқылы 4-5 күннің аралығында жетеді.

Маңғыстау облысы ПД ӘПБ бастығының орынбасары Сүйін Кұрмантаевтің айтуынша, егер автокөлік иесі бұзушылық туралы хаттамаға келіспесе, полиция департаментіне, прокуратураға немесе сотқа жүгіне алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу