Маңғыстауда облыс әкімі сайланады

958

2 желтоқсан күні депутаттар Маңғыстау облысының басшысын сайлайды. Бұл туралы Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Шамрад Телеубаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Маңғыстауда облыс әкімі сайланады Фото: lada.kz

"Жаңа ережелерге сәйкес Мемлекет басшысы екі кандидатты ұсынады, депутаттар жасырын дауыс береді. Ең көп дауыс жинағаны жеңеді. Дауыс беру түскі уақытқа жоспарланған. Халық қалаулылары үміткерлердің кім екенін білмейді", - деді Шамрад Телеубаев.

Кандидаттардың есімі дауыс беру алдында жария болады. Шамрад Телеубаев Instagram-дағы оқырмандарына бұл лауазымға үміткер болуы мүмкін адамдар тізімін ұсынған болатын. Олардың ішінде Маңғыстау облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Ноғаев, Ақтау қаласының бұрынғы басшылары Еділ Жаңбыршин, Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров, Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Мақсат Сқақов, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев, Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев бар. 

Еске салайық, бүгінде Нұрлан Ноғаев облыс әкімінің міндетін уақытша атқарып отыр. Ол өңірді 2021 жылдың қыркүйегінен бастап басқарады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу