Маңғыстауда оқушы екі әпкесіне пышақ жұмсады

497

Бұл дерек ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізілуде.

Маңғыстауда оқушы екі әпкесіне пышақ жұмсады

14 сәуірде сағат 04:30 шамасында 102 кезекші пультіне Маңғыстау облысы, Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде пышақталу дерегі бойынша шақыру келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткенде белгілі болғандай, 11 жасар толмаған бала өзінен үлкен 19 және 12 жастағы әпкелеріне пышақ жұмсап, жарақаттаған. Оны кейбіреулер ұйқысын аша алмай пышақ салған десе, кейбіреу тик-токтан көргенін қайталаған деген ақпарат тарап жатыр. 

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсетілгеннен соң үйіне жіберілді, екіншісі әлі ауруханада емделуде.

Бұл дерек ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізілуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу