Маңғыстауда оқушылар иіссудан уланды

1061

Маңғыстауда оқушылар иіссудан уланды

Маңғыстау облысы Шетпе ауылында орта мектептің алты оқушысы ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып tumba.kz таратты. Ақпаратына сүйенсек, оқушылардың өздерін жайсыз сезінуіне "Dalal" иіссуы себеп болған.

Мектеп ұстазының айтуынша, алтыншы сынып оқушысы өзімен бірге арабтың "Dalal" майлы иіссуын алып келіп, оны кабинетке сепкен. Сабақ барысында сынып ішінде парфюмнің өткір иісі сезілген. Мектеп медбикесіне шағымданғаннан кейін, жедел жәрдем шақыртылып, алты оқушы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетіліп, үш сағаттық бақылаудан кейін, өздерін жақсы сезінген оқушылар үйлеріне қайтарылды.

Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері эпидемиологиялық тексеру жүргізді. Талапқа сәйкес 18 қазан күні "Dalal" иіссуы токсикологиялық сараптамаға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу