Маңғыстауда оқушылардың жаппай астан улануына қатысты тергеу аяқталды

198

Жеке кәсіпкер сот барысында ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен үйіне жіберілген.

Маңғыстауда оқушылардың жаппай астан улануына қатысты тергеу аяқталды Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Мектеп асханасының меңгерушісі Дәметкен Шәкенова Қылмыстық Кодекстің 304-бабы "адамдардың жаппай ауруға немесе улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                 

Еске салайық, былтыр 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы нөмірі 8-мектепте оқушылар астан уланып, 460 бала ауруханаға түсті.

Тексеру нәтижесінде мектеп асханасынан ішек бактериялары анықталды. 12 қызметкерден стафилококк табылды. Ал ыдыс жуушы дизентерияны тасымалдаушы болып шықты.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкердің 10 жылдан бері аталған мектепті ыстық тамақпен қамтамасыз еткені белгілі болды. Енді кәсіпкерге айыппұл салынуы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кететін жайт, осы оқиғадан кейін, еліміздегі мектеп асханаларының бәрі тексерілді. Қылмыстық іс Мұнайлы аудандық сотына жолданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу