Әлеуметтік желілерде "Қызыл кітапқа" енген құстардың өлексесі құмда жатқаны түсірілген бейнежазба тарады.
Тиісті сынамаларды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері алады.
Бейнеу ауданының аумағында болған шаңды дауыл құстардың қырылуына себеп болуы мүмкін. Бұл құстар легі осы аймақ арқылы өтеді. Табиғи жағдайға төтеп бере алмаған құстар сусыма құмдарға қонып, су көздерінің болмауынан өлуі мүмкін деген пікір айтылуда.
Бір қызығы, мұндай оқиға былтыр дәл осы уақытта да болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу