Маңғыстауда 12 құрылыс компаниясының қызметі тоқтатылды

179

Маңғыстау облысының прокуратурасы құрылыс саласында лицензия берудің заңдылығына талдау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда 12 құрылыс компаниясының қызметі тоқтатылды Фото: canva

Нәтижесінде, 12 құрылыс компаниясы заңсыз рұқсат алғаны белгілі болды.

Оларды алу үшін құрылыс салушылар бір меншік иелерінен жалға алынған өндірістік базаларды пайдаланғаны, сонымен қатар өтінімдерде бірдей инженерлік-техникалық қызметкерлерді жариялағаны анықталды.

– Тексеріс нәтижесінде 12 мекеменің барлығы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін компаниялардың қызметі тоқтатылды. Құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр,  делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының прокуратурасы лицензияларды жосықсыз алу фактілерінің жолын кесуді және өңірдің құрылыс саласында ашықтықты қамтамасыз ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу