Маңғыстауда өндірісте 2 адам көз жұмды

211

Облыста соңғы үш айда өндірісте 13 жазатайым оқиға болып, 2 жұмысшы қаза тапты. 

Маңғыстауда өндірісте 2 адам көз жұмды     Фото: aikyn.kz

Ал 11 қызметкер ауыр жарақат алған, деп хабарлайды  inbusiness.kz тілшісі. Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысы Нұрбол Телегеновтің айтуынша, биыл жұмыс барысында зардап шеккендер былтырғымен салыстырғанда 86 пайызға көбейген. Яғни 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 7 жазатайым оқиға болып, 2 жұмысшы қайтыс болса, 5-еуі ауыр жарақат алған еді. 

"Жыл сайын халықаралық еңбек ұйымы еңбек қауіпсіздігіне қатысты кез келген өзекті тақырыпқа ерекше назар аударады. Осы жылдың тақырыбы – "Климаттың өзгеруінің еңбекті қорғау мен денсаулыққа әсерін зерттеу". Бұл – климаттың еңбек жағдайлары мен жұмысшылардың денсаулығына әсерін қорғауды ұсынады. Еңбекті қорғау тақырыбы әрқашан өзекті", - деді Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысы Нұрбол Телегенов.                             

Ал облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов еңбек қауіпсіздігінің маңыздылығын атап өтті.                                                                                 

"Халықаралық ұйым күрделі мәселеге үкімет пен барлық жұмыс берушінің назарын аудару үшін осы күнді белгіледі. Уақыт өткен сайын жаңа өндіріс пайда болып жатыр. Заманауи құрал-жабдықтар мен техниканың шығуына байланысты еңбек талаптары да өзгеріп жатыр. Жұмыс беруші тиісті еңбек қауіпсіздігін үйлестіру қажет. Ал үкімет өз тарапынан соған жағдай жасап, нормативті-құқықтық актілерге өзгеріс пен толықтыру енгізіп отыруы керек. Бұл мәселе өте өзекті", - деді Қанат Құлжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу