Маңғыстауда онлайн дүкеннен алданғандарға 1 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

468

Департаментке 38 өтініш түсіп, оның 29-ы қанағаттандырылған. 

Маңғыстауда онлайн дүкеннен алданғандарға 1 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды Фото: google

Маңғыстау облысында жыл басынан бері тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті онлайн дүкеннен алданған азаматтарға 1 394 900 теңге қайтарған. Департамент басшысы Рауан Мұхаевтің айтуынша, жыл басынан бері департаментке азаматтардан 350 өтініш түскен. Оның 120-ы жазбаша болса, 15-і телеграмм бот арқылы, ал 87-і жеке қабылдауда, сондай-ақ, 128-і жедел желі бойынша кеңес алған.

“Департамент мамандары тұтынушылардың өтініштерін қарап, кеңес беріп, көмек көрсетіп келеді. Тұрғындардың басым бөлігі тауар сапасына, айырбастау және кері қайтару, жиһаз жасау және жөндеу  жұмыстарына, сондай-ақ  тұрмыстық қызмет көрсету деңгейіне көңілі толмай, шағым түсіреді. Көп жағдайда кәсіпкерлер тұтынушылардың жазбаша шағымдарын жауапсыз қалдырады, бұл - басты мәселе”, – деді Рауан Мұхаев.

Тұтынушы құқығын қорғау мақсатында олардың шағымдарын қабылдау, қарау мен жүйелендіруге арналған  бірыңғай ақпараттық жүйе- онлайн платформа. Енді азаматтар "Е-тұтынушы" платформасы арқылы онлайн түрде сауда ұйымының өкілдеріне тікелей наразылық жолдай алады.

“Бүгінгі таңда тұтынушылар құқығын қорғау саласы еліміздегі өзекті  мәселелердің бірі болып отыр. Оның басты себебі-азаматтардың өз құқықтарын жете  білмеуі, қос тарап арасында туындаған  шиеленістер мен  дауларды шешу кезінде іс-әрекет алгоритмін ескермеуі. Осыған орай өңірімізде 2021 жылы тұтынушылар құқығын қорғау мәселесін оңтайлы шешуге бағытталған бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылған еді”, – деді Рауан Мұхаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу