Маңғыстауда "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы өрт әлі сөнген жоқ

570

Бүгін нысан иесінің өкілдері ұңғымаларды бұрғылауды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен, сондай-ақ ТЖД және авариялық құтқару өкілдерімен бірлесіп техникалық кеңес өткізді.

Маңғыстауда "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы өрт әлі сөнген жоқ Фото: видео скриншот

Нәтижесінде "Бозашы Мұнай" ЖШС, яғни өндірістік объектісінің меншік иесі ұңғыма кратерін ауыр бұрғылау ерітіндісімен толтыру туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта ПВАССС РШО бөлімшесінің күшімен ерітіндіні дайындау және оны құю үшін желіні құрастыру жүзеге асырылуда.

Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық жасағының күштері мен құралдары апат болған жерде кезекшілік режимінде болады. 

Естеріңізге салайық, 9 маусым сағат 03-25-те "Бозашы Мұнай" ЖШС "Оңтүстік Қаратұрын" мұнай-газ кен орнында ұңғыманы бұрғылау кезінде, 1088-1090 метрден бұрғылау құралының көтерілуі салдарынан өрт тұтанып, ашық газ-су бұрқақ қоспасы жанып кетті. Жалынның биіктігі 7-10 метрді құрайды. Ұңғыманың жобалау тереңдігі - 1200 м.

Оқиға орнында Маңғыстау облысының ТЖД 33 бірлік техника және жеке құрамның 89 адамы мөлшерінде өртке қарсы қызмет пен көмекші техниканың жиынтық жасағын құрып, апат орнына барған.

Мұнайгаз-су қоспасы бұрқағының диаметрі 15 метр, тереңдігі шамамен 2-3 метрге дейін шұңқыр пайда болып, ұңғыма сағасының айналасында кен шөгінділері құлаған.

Жердің қатпарлы жыныстарының құлауына байланысты су бұрқақтайтын ұңғыманың сағасында техникалық әдістер көмектеспей тұр.

Өртке қарсы қызмет бөлімшелері мамандары апатты жоюға бұрқақты ұңғыманы герметизациялау мүмкіндігінің болмауына себеп екенін айтты. Апат орнында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық жасағының, "Семсерөртсөндірші" ЖШС және Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы күштері мен құралдары бар.                                                                                                                                                                             

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу