Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асуда

158

Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.  

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асуда  Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі

Ақтауда Каспий теңізінде теңіз албыртын өсіруге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Organic Fish" компаниясының 11,9 млрд теңгелік бастамасы өңірдің балық шаруашылығы саласындағы жаңа серпін болмақ. Жоба толық қуатына шыққан кезде жылына 5 мың тоннаға дейін балық өндіру жоспарланып отыр.

Балық шаруашылығы өңірдің маңызды даму бағыттарының біріне айналып келеді. Соңғы жылдары Каспийдегі балық қорының азаюы мен инфрақұрылымның тозуы аквашаруашылықтың дамуын тежеген еді. Бұл жағдайды өзгерту үшін өңірде балық шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар қолға алынған.

Мамандардың айтуынша, Каспийдің табиғи жағдайы аквашаруашылықты қарқынды дамытуға өте қолайлы.

Аталған салада 2025-2027 жылдары өңірде 4 ірі жоба іске асырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу