Маңғыстауда өзінің 3 баласын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

650

Ер адам өкініп, кінәсін мойындады.

Маңғыстауда өзінің 3 баласын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды Фото: Ашық дереккөзден

Маңғыстауда өзінің 3 кішкентай баласын аса қатігездікпен өлтірген ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот үкімімен Е. есімді азамат ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, кәмелет жасына толмаған балаларға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, өмір бойына сотталды", – деп хабарлады облыстық сот.

Ол 3 баласын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Соттың мәліметінше, ер адам балта және пышақпен қаруланып, үйге келген соң аса қатыгездікпен өзінің 3 баласын өлтіріп тастаған.

Ер адам өкініп, кінәсін мойындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу