Маңғыстауда "Phystech II" компаниясының жұмысшылары далада түнеп шықты

579

Жұмысшылар талаптары орындалмайынша далада түней беруге дайын. Ұжымның жаппай наразылық шарасы 15 желтоқсанда өтетінін ескертті. 

Маңғыстауда "Phystech II" компаниясының жұмысшылары далада түнеп шықты Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орнында мұнай мен газды барлау және өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушы компания "Phystech II" жұмысшылары жалақыны көтеруді 100% көтеруді талап етіп, жұмыстарын тоқтатқан еді. Олардың наразылығына келген компанияның бірінші басшылары мен Түпқараған аудандық прокуроры ереуілді негізсіз деп санап наразы топты қуып шыққан көрінеді.

"Далада 12 градус аяз. Бозащыда, айдалада қалдық. Бізді жұмыс орнынан қуып шықты. Ортамызда 60-ты алқымдаған үлкен кісілер бар. Далада түнеп жатырмыз. Құзырлы органдардан мәселені шешіп беруді сұраймыз. Билік біздің жағдайымызға бей-жай қарамаса екен. Көмек сұраймыз",- дейді жұмысшылар.

Қызметкерлердің видео үндеуі әлеуметтік желілерге тарап кетті. Оқиға орнына келген басшы құрам: "Ереуіл ұйымдастыруға хабарлама беріп, 88 адам наразылыққа шығады дегенді білеміз. Бірақ бұл әрекеттерің заңсыз. Еңбек кодексінің 156 бабы, 1-бөлігінде аса қауіпті аумақта ереуіл ұйымдастыруға болмайды. Кезекшілікпен жұмыс істеген күнде де заңсыз болып табылады",- деп жауап берді.

Естеріңізге салайық, 10 желтоқсаннан бері "Phystech II" АҚ қызметкерлері жалақыларын 100% өсіруді талап еткен еді. Қазір олар 112 мың-180 мың теңге аралығында еңбекақы алады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу