Маңғыстауда пияз 20% қымбаттады

984

Маңғыстау облысында пияздың орташа бағасы 215 теңге. Ақпан айының басында оның құны 180 теңгені құраған.

Маңғыстауда пияз 20% қымбаттады Фото: Kazakhstan Today

"Баға өсімі барлық жерде байқалады. Оның негізгі себептерінің бірі- табиғи климаттық жағдайларға және өндірушілердің бағасын өсіруіне байланысты болып отыр, - дейді Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева.

Пияз тауарының бағасын тежеу мақсатында "Айналым механизмі" тетігі бойынша мемлекеттен "Baystone" және "Ai Fruit" ЖШС- не 123 млн теңге қаржы берілген. Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысынан өңірімізге 772 тонна пияз жеткізілді. Маңғыстауда бағаны тұрақтандыру мақсатында 53 "Халық бақылау" мониторинг тобы бар. Күн сайын 1900-ға жақын сауда нүктелері тексерістен өтеді екен. Жергілікті жауапты органдар мен кәсіпкерлер арасындағы меморандумға қол қойған ірі сауда орындары әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді шекті бағадан асырып сата алмайды. Мәселен, "Дина", "Анвар", "Алтын фуд", "Лидер", "Дана" сауда орталықтарында пияз құны 187 теңгеден аспуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу