Маңғыстауда полиция ұсынысымен 92 бейнебақылау камерасы орнатылды

325

Маңғыстау облысында полиция құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтуде.

Маңғыстауда полиция ұсынысымен 92 бейнебақылау камерасы орнатылды Фото: kursiv.media

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың алты айында тергеу және анықтау бөлімшелері қылмысқа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 954 ұсыныс енгізген. Оның 906-сы қаралған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұсыныстарды іске асыру нәтижесінде облыс аумағында 92 бейнебақылау камерасы, көшелер мен автожолдарға 4 сыртқы жарықтандыру нысаны, 12 дабыл түймесі мен сигнал беру құрылғысы, сондай-ақ 2 жол белгісі орнатылды.

Сонымен қатар заңда белгіленген мерзімде ұсыныстарға жауап бермеген 89 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті бұл шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және қылмысқа әсер ететін факторларды жоюға бағытталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу