Маңғыстауда полимерлі қаптама өндірісі жанданды

754

Өңірде полимерлі қаптама шығаратын зауыт жұмысын бастады. 

Маңғыстауда полимерлі қаптама өндірісі жанданды

"Достық Полимер Плюс" мекемесі рет тұтынуға арналған полимер ыдыстарды өндіруді қолға алып, жылына 380 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр. 

Кәсіпкер полимерлі қаптама өндірісін "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" АҚ-мен бірлесе жүзеге асыруда. Жоба құны – 368, 4 млн теңге. Оның 65, 4 млн теңгесі "Каспий" ӘКК" АҚ үлесі болса, қалған сома кәсіпкердің жеке инвестициясы.

Полимер қаптама шығаруға толық мүмкіндік беретін автоматтандырылған құрылғылармен жабдықталған зауытта 10 жаңа жұмыс орны құрылды. Қазір қызметкерлер Украина елінен арнайы алдырған технологтың тағылымдамасынан өтіп жатыр.

"Зауыт әлі толық қуаттағы жұмысқа көшкен жоқ. Десе де, қазірдің өзінде тапсырыс берушілер саны көп. Мәселен, өзіміздің күнделікті шығаратын өнімімізден бөлек қарағандылық кәсіпкерлер үлкен көлемде полимер парағына тапсырыс беріп отыр. Одан бөлек көрші елдерден де тапсырыс ала бастадық", – дейді кәсіпкер Надежда Карась.   

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу