Маңғыстауда рұқсатсыз мұнай өндірген компанияға миллиондаған айыппұл салынды

200

Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады.

Маңғыстауда рұқсатсыз мұнай өндірген компанияға миллиондаған айыппұл салынды Фото: canva.com

Табиғат қорғау прокуратурасымен талдау барысында экологиялық заңнаманың бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы "Жалғызтөбемұнай" ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу