Маңғыстауда салмағы 7 келідей алып бала дүниеге келді

512

Нәрестенің анасы Мұнайлы ауданында тұрады

Маңғыстауда салмағы 7 келідей алып бала дүниеге келді

Маңғыстау облыстық перинаталды орталығында салмағы 6 келі 880 грамм болатын бала дүниеге келді. Сәбидің жағдайы бірқалыпты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Lada.kz хабарлауынша, бұл – отбасының төртінші баласы. Ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған.

"Тексеру барысында босанатын әйелдің баласы өте ірі екенін түсіндік. Содан ақылдасып, оны кесарь тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, өйткені осындай салмақпен сәбилердің дүниеге келуі - ерекше құбылыс", - деп хабарлады облыстық перинаталды орталықтың баспсөз қызметі.

Бала мен ана бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды. Нәрестенің салмағы 6 келі 280 грамм болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу