Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген офицер 13 жылға сотталды

556

Марқұмның жақындары сот шешіміне қанағаттана ма?

Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген офицер 13 жылға сотталды Фото: Massaget

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі әскерилендірілген ауданаралық сотында Маңғыстаудағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбазды тапаншамен атып өлтірген офицерге үкім оқылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                 

– Дамир Досов ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, – деді судья Тамара Королевская.

Сот үкімі күшінде қалса, айыпталушы қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді. Сондай-ақ, Дамир Досов әскери шенінен де айырылды.

Көз жұмған сарбаздың анасы Әсия Барқұлованың 50 млн теңге моральдік шығын туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот кінәлі тарапты оған 20 млн теңге төлеуге міндеттеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу