Маңғыстауда "Сергек" бейнекамерасы үш күнде 20 млн теңгеге айыппұл анықтады

428

Ақтауда және Мұнайлы ауданында 18-21 шілде аралығында "Сергек" зияткерлік бақылау жүйесі 20 миллион теңгеге бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда "Сергек" бейнекамерасы үш күнде 20 млн теңгеге айыппұл анықтады Фото: Twitter

"Ағымдағы жылдың 18-21 шілде аралығында Маңғыстау облысында автоматты режимде жұмыс істейтін "Сергек" арнайы техникалық құралының көмегімен 711 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ал әкімшілік істердің бірыңғай тізілімі жүйесіне 398 әкімшілік қаулы енгізілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Ақтау тұрғындары арасында әлеуметтік желілерде мониторинг және сауалнама жүргізілді. "Ақтауда "Сергек" қажет деп ойлайсыз ба?" деген сауалған 47,9% оң жауап берді, 43,2% теріс пікір білдірген. 8,9% инновацияға немқұрайлы қарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу