Маңғыстауда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 1 трлн теңгенің өнімін шығарды

97

2025 жылы Маңғыстау облысында шағын және орта бизнес өндірісі 1 трлн теңгеден асты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 1 трлн теңгенің өнімін шығарды Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікте 147,4 мың адам жұмыс істейді, бұл өңірдің экономикалық белсенді халқының 40%-ын құрайды. Биыл кәсіпкерлікті қолдау үшін 16,3 млрд теңге бөлініп, 167 жобаға қолдау көрсетілді.

"Бір ауыл-бір өнім" бағдарламасының финалистеріне 82,6 млн теңгеге 48 жаңа жұмыс орындарын құрумен 17 кәсіпкердің жобасы мақұлданды.

Жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға бағытталған "Өрлеу" жаңа бағдарламасы іске қосылып, 8,4 млрд теңгеге 70 жоба қолдау тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу