Маңғыстау облысында 21 жастағы жігіт Ыбықты Сай шатқалы аумағындағы тасқа өз аты-жөні мен көлік нөмірін жазғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның хабарлауынша, вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен жігітке 25 тәулікке қамау жазасы тағайындалған. Қазір ол тергеу изоляторына қамалған.
Полиция табиғи нысандарға, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мұра объектілеріне жазу жазуға немесе сурет салуға болмайтынын ескертті.
Сондай-ақ мұндай әрекеттер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені айтылды.
Елімізде қылмыстық кодексінің 294-бабына ("Вандализм") сәйкес, мемлекет қорғауындағы нысандарды бүлдіргені үшін:
- 100-ден 2000 АЕК-ке (7 мыңнан 370 мың теңгеге) дейін айыппұл;
- қоғамдық жұмыс;
- 50 тәулікке дейін қамау;
- бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.