Маңғыстауда шенеунік газ мәселесіне қатысты тінтілуі мүмкін

558

Әзірге тиесілі мекемелер мәлімдеме жасаған жоқ 

Маңғыстауда шенеунік газ мәселесіне қатысты тінтілуі мүмкін

Маңғыстауда облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тінтуге алынғаны жайлы ақпарат тарап отыр. Алайда, бұл оқиғаға байланысты ешқандай ресми мәлімдеме жасалмаған.

"Әлихан Қыраубаев жұмыс орнында, қызметін атқарып жатыр",– деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Сүлей.   

Болжам бойынша, шенеунік ел көлемінде тергеліп жатқан болуы мүмкін аймақтарды сұйытылған газбен қамту мәселесіне байланысты тексерілген. Белгілі болғандай, 2019-2020 жылы өңірлерге "көгілдір отын" тарту кезінде  ҚР энергетика министрлігінің әлдебір қыметкерлері "бармақ басты, көз қыстылыққа" жол берген. Сөйтіп, кей облыстар газды көрсетілген мөлшерден артық алып, шетелге сатуға шығарған. Нақтылай кетсек, шет мемлекеттерге газ нарық бағасымен сатылады, заңсыз сауда жүргізіп отырғандар бұл операциядан жақсы табыс табады да, мемлекет, керісінше, ұтылады. Оның үстіне, Қазақстанның өзінде газ тапшылығы проблемасы бар. Айтылып отырған схема бірізге түсіп, қалыптасқан болуы да ықтимал. Тергеу белсенді жүріп жатқан өңірлердің қатарында Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл облыстары аталады. Оған Маңғыстау облысына арзан бағамен бөлінген сұйытылған газ Қарағанды облысына кетіп қалып, сатылып жіберген. Сөйтіп, одан 250 млн теңге таза табыс келіп түседі.

Әлихан Қыраубаев бұл қызметке 2018 жылы тағайындалған болатын. Оған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болып жасаған Серік Аманғалиев аса ірі көлемдегі жемқорлық жасалды деген айыппен он жылға бас бостандығынан айырылған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу