Оның ішінде біреуі жасөспірім. Маңғыстау облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы Саят Батталовтың айтуынша, өткен жылдың осы кезеңінде 7 адам суға батып кетті. Биыл құтқарылған адам саны көбейген. Мобильдік бекеттер санының 11-ге дейін өсуінің арқасында 48 адам, оның ішінде 14 кәмелетке толмағандар құтқарылды.
"Суға шомылу маусымы кезеңінде судағы қауіпсіздік шаралары туралы барлығы 86 мың данадан астам үгіт өнімі таратылды. 63 тыйым салу белгісі мен 92 стенд орнатылды. Онда суда орын алған қайғылы оқиғалардың статистикалық мәліметтері көрсетілген", – деді Саят Батталов.
Айта кетейік, биыл шомылуға тыйым салынған аймақтар 6-дан 10-ға дейін өскен. Оның ішінде Ақтау қаласында – 2, Қарақияда – 3, Мұнайлы – 1, Түпқараған аудандарында – 4.
Тасым Жаңай