Маңғыстауда шұңқырға құлаған түйе құтқарылды

771

Маңғыстау облысында құтқарушылар шұңқырға құлаған түйені алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстауда шұңқырға құлаған түйе құтқарылды

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 16 қыркүйекте Қарақия ауданы Құрық ауылында түнде болған.

"1-шағын аудандағы №42 үйдің артындағы шұңқырға түйе құлап кеткен. Одан жануар қайта шыға алмаған. Оқиға орнына Қарақия ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары келіп, түйені шұңқырдан шығарған", - деп жазылған хабарламада.

Құтқару операциясы барысында жануар зардап шекпеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу