Маңғыстауда шұжықтан уланған 3 жасар бала қайтыс болды

1248

Маңғыстауда шұжықтан уланған 3 жасар бала қайтыс болды

Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 қараша күні бір отбасының тамақтан уланған алты адамы, соның ішінде төрт бала жеткізілген, деп хабарлайды lada.kz.

"Біз қонақта болған едік, балалар шұжық сұрады. Үйдің иесі оның жаңадан әкелінбегенін айтты, сонда да қуыра салайын деп едім. Түнгі бірге қарай баламның мазасы кетіп, құса бастады. Марганец ерітіндісімен асқазанын шайдым. Кейін ол ұйықтап қалды. Артынша тағы үш балам, өзім де ауыра бастадым. Сол кезде жедел жәрдем шақырдық", - дейді қайтыс болған баланың анасы Лидия.

Баланың өмірін сақтап қалудың мүмкіндігі болмады. Таңғы жетіде ол үзілді.

"Бұл отбасындағы жағдай нашар, ата-аналар арақ-шарап ішеді. Қазір әкесінен басқа барлығы жұқпалы аурулар бөлімінде дәрігерлердің бақылауында", - дейді Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу