Маңғыстауда сирек кездесетін Азия барысы көзге түсті

342

Жыртқыш аң алғаш рет Үстірт қорығында байқалған. 

Маңғыстауда сирек кездесетін Азия барысы көзге түсті Фото: қорық инспекторларынан

2022 жылдың тамыз айында Жабайұшқан қаумалы аумағындағы бұлақтардың бірінде фототұзаққа ілікті. Ал, 2023 жылдың көктемінде Манашы қаумалының аумағында кезекшілікте жүрген инспекторлардың алдынын Азия барысы шыққан, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Мамандар жыртқышты ұялы телефондарына түсіріп үлгерген. Сол кезден бастап өңірдегі барлық қаумал аумақтарына жаңа фототұзақтар орнатылып, бақылауға алынды.

Бүгінде мамандар Маңғыстауда барыстың нақты қандай түрі мекендейтінін анықтау мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

Барыс - сүтқоректілер класы, мысық тұқымдасына жататын аң. Ол Орта Азия мен Африкада мекен етеді. Барыстың дене бітіміне келетін болсақ ұзынша, тұрқы 120-150 см, құйрығының ұзындығы 60 -70 см. Барыс Маңғыстауда өте сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген жануар.

"Хайуанаттар – табиғаттың қайталанбас, генетикалық бірегей туындысы, олардың әрбіреуін толықтай құртып алу дегеніміз – табиғаттың баға жетпес сыйынан айырылумен тең. Ластанған су мен ауаны да тазартуға, қалпына келтіруге болады, ал жойылып кеткен биологиялық түрді қайта тудыру, дүниеге қайта келтіру мүмкін емес. Адамзатты жабайы жануарлар мен аң-құстарды аялауға, қорғауға шақырамыз", - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу