Маңғыстауда сирек кездесетін жыртқыш аң фототұзаққа ілінді

475

Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануар фото және видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстауда сирек кездесетін жыртқыш аң фототұзаққа ілінді Фото: mangystaumedia.kz

Бұл жабайы жануар құмды, шөлді аймақтарда тіршілік ететін болғандықтан аз зерттелген. Бұдан бөлек, шағыл мысығының санына қарай аз аумақтарда ерекше қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген.

Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы мәлімдеді.

"Маңғыстау облысының аумағында орнатылған фотоқұрылғыға шағыл мысығы түсті Бұл жануардің дене тұрқы 40-52 см, салмағы 1,3-3,4 кг. Арқасы мен бүйірі құм түстес сарғыш, денесінде айқын емес қара жолақтары болады. Құйрығының ұшы қара қоңыр, құлағы үшбұрышты келеді. Табандарындағы тарақ тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін жүруіне мүмкіндік береді. Ұсақ кеміргіштермен кейде бауырмен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен және жәндіктермен қоректенеді", - деді басқарма өкілдері.

Түз тағысы қорегін аулауға түнде шығады. Сондай-ақ, шағыл мысықтар ақпан-наурыз айларында шағылысып, аналығы сәуір-мамыр айларында 2-5 жас мысық туады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу