Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 3 наурызда сағат 12:00 шамасында "Солтүстік-Шығыс Қаратұрын" кен орнында (жер қойнауын пайдаланушы – "Бозашы Нефть" ЖШС) № 403 ұңғымада "Caspian Drilling LLP" ЖШС мердігерлік ұйым бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ-су шығарындысы орын алғандығын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі уақытта қауіпті өндірістік объектіні пайдаланушы ұйымның күшімен, "Ақ Берен" кәсіби авариялық-құтқару қызметі және Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің күшімен апатты жою үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл оқиғаның себептері мен мән-жайларын тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес жүргізілетін болады", – делінген хабарламада.