Маңғыстауда сот орындаушыларының үстінен 50 арыз түскен

1487

Маңғыстау облысында әкімшілік соттардың жұмысы 1 шілдеде басталды. Маңғыстау облысы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Серік Жұмабаевтың мәлімдеуінше, содан бері барлығы 207 талап қою арызы тіркелген, деп жазады  inbusiness.kz.

Маңғыстауда сот орындаушыларының үстінен 50 арыз түскен

"Сот орындаушыларының әрекеттерін даулау 50, мемлекеттік сатып алу саласы бойынша 41, салық даулары бойынша 31, жер даулары бойынша 28, еңбек даулары бойынша 10, тұрғын-үй даулары бойынша 11, қоршаған ортаны қорғау бойынша 2, зейнетақы даулары бойынша 4, кедендік даулар бойынша 1, тұтынушының құқықтарын қорғау бойынша 1, өзге дауларға қатысты 24 талап арызы бар", – деді Серік Жұмабаев.

Аталған кезеңде 74 шешім шығарылған. Оның ішінде 22 шешім қанағаттандырылған, 14 ішінара қанағаттандырылған және қанағаттандырусыз қалдырылған 38 шешім бар. Кері қайтарылған әкімшілік істер саны – 78. Ал 17 талап арыз бітімгершілікпен аяқталды.

Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Исатай Сматовтың айтуынша, сот тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша бірқатар шара өткізілді.

"Жеке сот орындаушыларының Маңғыстау облыстық палатасы Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Нәтижесінде қыркүйек айында талап қою 30%-ға азайды. Сондай-ақ 17 әкімшілік іс татуласумен аяқталды. 9 әкімшілік іс соттарға жолданды", – деді Исатай Сматов.

Айта кетейік, істерді қарау барысында мемлекеттік мекемелер тарапынан жол берілген заң бұзушылықтар бойынша 14 жеке ұйғарым шығарылған. Оның 9-ы мемлекеттік мекемелерге қатысты болса, 5-еуі жеке сот орындауышларға тиесілі. Ақшалай өндіріп алу сомасы 408 380 теңгені құрап, республикалық бюджет пайдасына өндірілген.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу