Маңғыстауда су тапшылығы мәселесін шешуге бизнес атсалысады

648

Freedom компаниясының өкілдері мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында меморандум жасалды.

Маңғыстауда су тапшылығы мәселесін шешуге бизнес атсалысады Фото: ortcom.kz

Оған сәйкес, өңірде су сору станциясы мен су құбыры желілерінің құрылысы қаржыландырылмақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Freedom Group – бұл жобаны жүзеге асыру үшін 2,12 млрд теңге қаржы салмақ. Инженерлік нысанның құрылысы аяқталса, Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдары тұрғындары сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілмек. Нәтижесінде, 230 мыңға жуық адам сапалы суға қол жеткізеді. Жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының "Каспий жылу, су арнасы" МКК-на жүктелді. Құрылысты аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарланған", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу