Маңғыстауда су тұщыту зауыты салынады

1506

Маңғыстауда су тұщыту зауыты салынады

Маңғыстау облысында өңір халқы мен кәсіпорындардың ауыз суға және техникалық суға қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Маңғыстау облысының Құрық ауылында қуаты тәулігіне 50 000 м3 тұщыландыру зауытын салу және пайдалану" МЖӘ жобасы әзірленді, деп хабарлайды "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ баспасөз қызметі.

Бүгінде жобаның тұжырымдамасы әзірленді, келісу және сараптаудың барлық кезеңдерінен өтті, зауытқа  және су бөгетінің құрылысына жер учаскесі бөлінді.

Конкурстың бірінші кезеңінің іс-шаралары жүргізілуде. Әлеуетті жекеменшік әріптестер техникалық ұсыныстарды беруде, соның негізінде теңіз суын тұщыландырудың барынша тиімді технологиясы айқындалатын болады. Конкурстың екінші кезеңінің қорытындылары бойынша жеңімпаз анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу