Маңғыстауда суға түсу маусымы басталды

961

Жыл сайын жаз мезгілі шығысымен Каспий теңізінің жағалауына демалуға келетін адамдар ағыны арта түседі.  

Маңғыстауда суға түсу маусымы басталды

Өкінішке қарай, судағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстар тұрақты өтіп тұрса да, шомылу ережелерін көпе-көрнеу бұзатындар тиылар емес. Былтыр облыста суға түсу маусымы кезінде 29 рейд өткізіліп, он үш адам әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша 177 мың теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Биыл тұрғындардың суға кетуіне немесе қандай да бір жарақат алуына жол бермеу мақсатында алты учаскеде суға түсуге тиым салып отырмыз, 38 учаскеде суға түсуге рұқсат етілген, – деп хабарлады облыстық  төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев.

Өңірдегі суға кету дерегі бойынша жүргізілген статистикалық мәліметтер жалпы жағдайдан хабар береді. Оған сәйкес, адамдардың "тілсіз жаудан" зардап шегуінің негізгі себептері – судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, тиым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылу, мас күйінде суға түсу және ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруы.

Маңғыстаулықтардың суға түсу маусымы кезіндегі қауіпсіздігін Ақтау, Форт-Шевченко, Құрық ауылы мен Кендірлі демалыс базасындағы жедел-құтқару бөлімшелері қамтамасыз етеді. Профилактикалық іс-шаралар мен рейдтер маусым соңына дейін жүргізілмек.

Құралай Қуатова,

Маңғыстау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу