Тиісті бұйрыққа бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қол қойды. Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бөлшек бағасын реттеуді ұзарту туралы бұйрық күшіне енді.
Сұйытылған газ бағасын реттеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отынның қымбаттауына байланысты қазақстандықтардың наразылығынан кейін енгізілген еді.
2022 жылдың ортасында Маңғыстауда газ бағасын 50 теңгеден асырмау туралы шекті баға белгіленді.
Қазір еліміздің әртүрлі аймақтарында газдың құны әртүрлі. Астана, Қостанай, Қарағанды, СҚО, Жетісу, Ұлытау және Павлодар облыстарында - 70 теңге.
Алматыда-65, Ақтөбе және Атырау облыстарында литріне 50 теңгеден. Шымкент және қалған өңірлер- 60 теңгеден саудаланып жатыр.