Маңғыстауда техникалық қадағалау сарапшысына жарты млн теңге айыппұл салынды

546

Маңғыстау облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолы құрылысының барысын тиісінше бақыламағаны үшін техникалық қадағалау мекемесінің сарапшысына 180 АЕК көлемінде, яғни 572 400 теңге айыппұл салынды.    

Маңғыстауда техникалық қадағалау сарапшысына жарты млн теңге айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

Шетпе-Қызан тас жолының Тасмұрын-Мәстек учаскесі, 49-85 шақырымы қайта жаңартуға жатады деп анықталды. Мұнда жол инженерлері ақауларды анықтап, облыстық мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау басқармасына жүгінді. Нәтижесінде техникалық қадағалау сарапшысына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 317-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама жасалды.

Сондай-ақ, техникалық қадағалау жөніндегі аттестаттың қолданылу мерзімі 6 айға тоқтатылды. Ұлттық жол активтері сапасы орталығы қызметкерлерінің араласуымен Құрық-Жетібай автожолының 40-64 шақырымында 9200 текше метр көлемінде қиыршық-құм қоспасынан жасалған трассаның негізі қайта ауыстырылды. Сонымен қатар, Шетпе-Қызан жолының 49-85 шақырымында 7504 м2 асфальт-бетон жабыны ауыстырылғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу