Мұнда жұмысшылардың түскі үзілісте тынығуына барлық жағдай жасалған. Төсек орынмен қатар, тұрмысқа қажетті жабдықтардың бәрі бар. Модульдік ғимараттар "Белгі беру және байланыс" дистанциясының жұмысшыларына арналған. Олар теміржолда байланыс құрылғыларындағы ақауларды жөндеп, пойыздардың қозғалысын реттейді.
“Бұрын біздер ескі ғимаратта түскі асымызды құрылғы тұрған бөлменің ішінде ішетін едік. Қазір енді шүкір жақсы демалатын орнымыз түскі ас ішетін жеріміз бар. Осында келіп ары қарай жұмысымызды жалғастырамыз”,- деді №16-шы бекеттің электр-механигі Наурызбек Есмағанбетов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу