"Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Белгіленген мерзімде әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсету, қару-жарақтың жай-күйін тексеру және анықталған ақауларды жою қажет. Ведомство іс-шаралар жазғы кезеңде пайдалану кезінде жоғары жауынгерлік әзірлікті және сенімді, үздіксіз жұмысты қолдау мақсатында жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
Автомобиль парктерінде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен өрттен қорғау шараларын қатаң сақтауға және жауынгерлік, арнайы, автомобиль техникасының жай-күйіне ерекше назар аударылады.
Техниканы дайындау тек әскерлер тұрақты орналасқан жерлерде ғана емес, сонымен қатар полигондарда да жүреді. Мәселен, қарқынды жауынгерлік дайындық жалғасып жатқан "Оймашы" полигонында бір мезгілде жауынгерлік машиналар паркінде қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде.
"Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау барысында жеке құрамды, бекеттер мен учаскелерді, техникалық қызмет көрсету құралдарын, жауынгерлік машиналар парктерінің технологиялық желісінің элементтерін қосалқы бөлшектермен, жанар-жағармай материалдарымен, құралдармен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар орындалады", деп атап өтті танк батальоны командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Ерлан Әйтімов.
Қазіргі уақытта 100-ден астам броньды және зымыран-артиллериялық қару-жарақ, 300-ден астам автомобиль және басқа да техника жазғы оқу кезеңіне дайын.Соңғы кезең орындалған жұмыстардың сапасын тексеру болады. Осы мақсатта әскери бөлімдерде арнайы комиссиялар құрылады.