Маңғыстауда теңізге батқан бес жасар қыз қайтыс болды

584

Бала Жаңаөзеннен 65 шақырым жерде орналасқан "Кендірлі" демалыс базасында шомылуға арналған жабдықталған жерде суға түскен.   

Маңғыстауда теңізге батқан бес жасар қыз қайтыс болды

"Кендірлі" демалыс базасында жергілікті құтқарушылар 2018 жылы туған қызды судан шығарды, оған алғашқы көмек көрсету кезінде жүрек соғысы болған. Бірақ бала ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы Нұржан Борашевтің мәлімдеуінше, дағдарыс жағдайындағы басқармаға қызды судан құтқару туралы ақпарат келіп түсті. Бала Жаңаөзеннен 65 шақырым жерде орналасқан "Кендірлі" демалыс базасында шомылуға арналған жабдықталған жерде суға түскен. 

"103" диспетчерінің ақпараты бойынша, қыз ауруханаға бара жатқанда көлікте қайтыс болды. Биологиялық өлім диагнозы қойылды. Мән-жайларды анықтау үшін сот - медициналық сараптама тағайындалды", - деп атап өтті Нұржан Борашев.
                                                                                                                                                                                    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу