Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде ТЖД, ҰҚК ШҚ, ПД күштерімен үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен 3 қыз кешеден бері іздестірілген еді.
Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды. Бүгін таңғы сағат 6 шамасында "Қазақтеңізкөлікфлоты" ЖШС Сұңқар кемесінің экипажы теңізден 22 шақырым қашықтықта 3 қызды құтқарды. Денсаулық жағдайы тұрақты, медициналық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, Департаментпен алдағы уақытта желдің күшеюі және белгіленбеген учаскелерде шомылуға жол бермеу туралы SMS-хабарлама мерзімінен бұрын жіберілді.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін Каспий теңізіне үрмелі матраспен шыққан қыздар іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.