Маңғыстауда ТМД елдері арасындағы кедендік ынтымақтастық туралы халықаралық келісімге қол қойылды

545

Бүгін Ақтауда Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД елдеріне мүше мемлекеттердің Кеден қызметі басшылары кеңесінің 40-отырысы өтті.  

Маңғыстауда ТМД елдері арасындағы кедендік ынтымақтастық туралы халықаралық келісімге қол қойылды Фото: inbusiness.kz

Басқосуға Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кеден қызметтерінің бірінші басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мен ТМД атқару комитетінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында талқыланған  мәселелер бойынша қабылданған шешімдер ТМД кеңістігіндегі кедендік әкімшілендіру аясындағы іс-шараларды оңтайландыруға бағытталмақ.

Кездесуде кеден саласындағы басым бағыттарды айқындау, әр елдің кеден заңнамасын біріздендіру, ынтымақтастықты жандандыру, кеден ісі саласындағы қабылданған мемлекетаралық шешімдерді жүзеге асыру мәселелері де талқыланды. Отырыс нәтижесінде ТМД елдерінің Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ кеден органдары арасында меншік құқығы бұзылған тауарлар туралы ақпарат алмасу ережелері бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу