Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі (Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға беру немесе пайдалануға рұқсат беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов оқиға орнына барып, жағдаймен танысты.
– Қазіргі уақытта мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруіне уақытша тыйым салынды. Алдағы жөндеу жұмыстары мен нақты шешімдер туралы ресми түрде қосымша хабарланатын болады, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        