Маңғыстауда Төлеп ауылына тоқ жүргізілді

1334

Ауыл бұрын теміржолдан төмен кернеулі тоқ алып келген.  

 Маңғыстауда Төлеп ауылына тоқ жүргізілді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Төлеп ауылы жоғары кернеулі электр желісімен қамтамасыз етілді. Білгеніміздей, ауылдың іргесін қалағанына елу жылдан асқан. Алайда, содан бері тоқ көзі теміржол желісінен алынып келген екен. Тоқ көзінің жеткіліксіз болып, кернеуі көбейсе жалп етіп өшіп қалатыны тұрғындарды шаршатып қана қоймай, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына да кері ықпалын тигізеді.

Сөйтіп, 2017 жылдың тамызында ауылға бір электр бағанасы жүргізіледі. Жоспар бойынша, Төлепке жоғарғы вольтты электр жеткізу жұмысы кезең-кезеңімен жетуі тиіс болған. Қазір бұл жоба жүзеге асып, мәселе шешімін тауып отыр.

"Ауылға Бейнеу селосынан 83 шақырым жерден қуаты 10 кВт.электр желісі тартылды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 798 млн.503 мың теңге бөлінді. Мердігер мекеме – "АйкомLTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі", – дейді аудан әкімі Бейнеубек Әбілов.

Бұған дейін тоқ көзінің тапшы болуы себепті Төлеп ауылында кәсіпкерлік нысандар өріс алып кете алмаған. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орны толып, тұрғындар саны да, кәсіпкерлік нысандар да артады деген сенім бар.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу