Маңғыстауда Торыш алқабындағы тастар ұрланды

736

Маңғыстау облысының шарлар алқабына барған саяхатшылар ерекше тастардың ұрланып жатқанын көреді.

Маңғыстауда Торыш алқабындағы тастар ұрланды Фото: Lada.kz

Табиғи жәдігер, шар тастарымен туристерді қызықтыратын Торыш даласы мемлекет меншігінде.  Оқиға куәгерлері  әлеуметтік желілерге Торыш шатқалынан бейнеролик жариялады.

Белгісіз ер адамдар жүк тиегіштің көмегімен конкрецияларды тиеп жатады. 

"Көлікке тастарды жүктеді. Бұл Маңғыстау облысының көрікті жерлерінің бірі-шарлар алқабында болды. Олар ең керемет, дөңгелек шарларды ұрлап алды. Осылай жалғаса берсе, көп ұзамай бұл жер өзінің мағынасын жоғалтады, өйткені тек қарапайым қиыршық тастар ғана қалады. Дөңгелек, шар тастарымен танылған даланың сәні кетеді. Бұл - ұлттық қазына, туризм дамуына қажет жер", - дейді саяхатшы. 

Өңірде мейрамханалардың бірінде декор ретінде шар тәрізді конкрециялар өойлуда. 

"Маңғыстау облысында мейрамханалар, кафелер қасбетті безендіру үшін қорық аймақтарынан шарлы конкрецияларды пайдалануда. Осылар рұқсат алғанына күмәнданамын. Өздері оны әкеліп, дизайн ретінде қойған сияқты", - дейді тұрғындар. 

Бұл дерек бойынша полиция департаменті тексеру жүргізілгенін хабарлады.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. Құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, тастар орнына қайтарылатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу