Маңғыстауда туған күн тойлаған басқарма бастығы жауапқа тартылды

1207

Бейнебаян әлеуметтік желіде таралып кеткен.  

Маңғыстауда туған күн тойлаған басқарма бастығы жауапқа тартылды

Маңғыстау облысында карантин кезінде туған күнін дүрілдетіп тойлаған шенеунік әйел жауапқа тартылды. Ол – облыстық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова болып шықты. Видео "Yedilov online Telegram" арнасында жарияланып, қызу талқылауға себеп болған.

"Лауазымды тұлға департаментке түсініктеме беру үшін шақырылды. Ол ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзуын" қарастыратын 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", - деп хабарлайды облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу