Маңғыстауда түйелерге түсініксіз індет жайлады

3159

Маңғыстау облысында атқамінерлер түйелердің қандай ауруға шалдыққанын анықтауға тырысуда.  

Маңғыстауда түйелерге түсініксіз індет жайлады

Облыста 1100-ден астам Ойсылқара төлі белгісіз індетпен ауырған, деп хабарлайды ktk телеарнасы.

Соның төрттен бірін мал дәрігерлері әлі де емдеп жатыр. Ауру күзде алдымен Қызылсай ауылынан шыққан еді. Кейін індет белгілерін өзге елді мекендердегі түйе иелері байқай бастаған. Бүгінге дейін түсініксіз кесел облыстағы 7 ауданның бесеуіне тарап үлгерген. Өркештілер арасында тараған қандай індет екенін және оның себебін анықтауға Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары үш рет келген. Сараптамаға сынама алып кетіпті. Бірақ жұқпалы ауруды анықтау мүмкін болмады. Кеселдің алғашқы белгілері өркештілердің бәрінде бірдей. Алдымен жануарда әлсіздік пайда болады. Әрі шөп пен су ішпей қояды. Жергілікті билік қаңтарда тағы да астанадан мамандар келеді деп отыр. Ал жұрт малды қойып, өздерінің өміріне алаңдаулы.

Ал Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов халықты сабырға шақырып отыр. Бақытжан Қашақовтың айтуынша, әзірге ауру адамға жұқпаған.

"Антибиотиктермен уақтылы емделген түйелер бір аптаның ішінде толық сауығып кетеді. Бұл аурудан малдың жаппай өлімі және де түйеден басқа малдардың және адамдардың ауыру фактісі болған жоқ", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу