Маңғыстауда тұрғын үйдің баспалдағы жертөлеге құлады

1202

Баспалдақпен аяғы ауыр әйел мен 10 жасар бала көтеріліп келе жатқан.

Маңғыстауда тұрғын үйдің баспалдағы жертөлеге құлады

Маңғыстау облысының Ақ Еспе ауылында үш қабатты тұрғын үйдің бетон баспалдағы опырылып түсті, деп хабарлайды matritca.kz.

Баспалдақпен бірге жертөлеге құлағандар ауруханаға жеткізілген.

Тұрғындардың айтуынша, үйдің өзі жөндеуді талап етеді. Бұған дейін баспалдақтағы тесікті жамауға ешкім асықпапты.Тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйым да болмапты. Ал жақында ғана пайда болған ұйым әлі ешнәрсе тындыра қоймаған. Тұрғындар өздері қабаттар арасына тіреулер орнатыпты. 

Ал ауыл әкімі Қалқатай Өтемұратов үйдің апаттық деп танылмағанын айтады. Шенеуніктер республикалық бюджеттен қаражат бөлуді сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу