Маңғыстауда Тұщықұдық-Шебір жолы жөнделді

1146

Бұл тұрғындардың жол қатынасын жеңілдетті.

Маңғыстауда Тұщықұдық-Шебір жолы жөнделді

Маңғыстау ауданында Тұщықұдық пен Шебір арасын жалғайтын 13 шақырым автожолдың құрылысы аяқталды. Бұл жұмыс 2017 жылы  басталған болатын. Жолды жөндеу кезінде кемшіліктер орын алып, оны мердігер компания өз қаражаты есебінен орнына келтірді.   

Айта кетейік, облыста соңғы үш жылда 368,3 шақырым автомобиль жолы салынып, 306,6 шақырымы жөнделіп, жаңғыртылды. Оның ішінде тамыз айында туристер көп жүретін 97 шақырымдық "Ата жолы"  жобасының ауқымды құрылысы аяқталды. Қазір теңізді жағалай салынған демалыс орындарына қарай және "Құрық" портына дейінгі автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жол екі жолақтан төрт жолаққа көбейтіліп, веложолдар салынып, жарықтандырылуда. Сондай-ақ алдағы уақытта Ақтау әуежай жолын кеңейту жоспарланған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу