Мәскеу қаласының жетекші орталықтарынан келген УДЗ дәрігерлер, штаттан тыс бас акушер-гинекологтар жүктілік кезіндегі ультрадыбыстық скринингті енгізу тәжірибесімен бөлісуде.
Сонымен қатар орталықта емделіп жатқан жүкті әйелдер мен гинекологиялық сырқаты бар науқастарды тексеріп, кеңес беріп жатыр.
"Бүгінгі күні перинатологияда ультрадыбыстық зерттеулерді енгізумен жүктіліктің қалыпты нәтижелерінің саны артты. Ультрадыбыстық зерттеулер жүктіліктің қалыпты жүруін, ұрықтың бұзылуын бақылауға, ұрықтың даму ақауларын, босанғаннан кейінгі және кіндік аномалияларын, жатырдағы операциядан кейінгі тыртықтың күйін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мерзімінен бұрын босану, жүктілікті ұзарту мәселелерін уақытылы шешу, босанғаннан кейінгі және операциядан кейінгі асқынуларды анықтау, инвазивті зерттеу әдістерін жүргізу мәселелерін шешуде маңызы зор", – дейді орталық директоры Жапырақ Епенова.
Мұндай бастамалар медициналық тәжірибені жетілдіруге және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға мол мүмкіндік болмақ.