Маңғыстауда уланған оқушылардың саны 140-тан асты

236

Жаппай улану дерегі Бесшоқы ауылында тіркелген.

Маңғыстауда уланған оқушылардың саны 140-тан асты Фото: Pixabay.com

Маңғыстау облысында тамақтан  уланып қалған оқушылардың саны 140-тан асты. Балаларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Соңғы деректерге сәйкес медициналық көмекке 141 бала жүгініпті. Оның ішінде 82 оқушы емханада ем қабылдап жатса, 43 бала үйде дәрігердің бақылауында, 16 бала ауруханаға жатқызылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қажетті дәрі-дәрмек пен төсек-орын жабдықтары бар екенін жеткізді. Жедел жәрдем қызметі көмек көрсету үшін толық құрамда жұмыс істейді екен.

Еске салайық, Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4 сынып оқушылары зардап шекті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу