Маңғыстауда "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына" 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

768

"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Маңғыстау облыстық филиалы "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" заң талаптарын 400-ден астам рет бұзғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстауда "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына" 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Техникалық реттеу және метрология комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Маңғыстау филиалына жоспардан тыс тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижелері бойынша автокөлік құралдарының сәйкестігін бағалау рәсімдерін жүргізу және көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу кезінде "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" ҚР Заңының талаптарын 400 - ден астам бұзғаны анықталды. Оған қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 415-1-бабы, 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды", - деп хабарлайды ведомство өкілдері.

Осыған орай, мекемеге 600 АЕК, яғни 2 млн 70 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды және сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты алты ай мерзімге тоқтатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу